ЛГБТ өкілдері әскери борышын өтей ала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте әскердегі заңсыз жағдайлар туралы айтты.
ЛГБТ өкілдері барлығы сияқты Қазақстанның азаматтары. Олардың әскери қызметке шақырылуында ешқандай кедергі жоқ. Олар әскери борышын өтей алады. Конституция бойынша олардың құқығын ешкім шектей алмайды, - деді ол.
Жүсіпов атағандай, екі жыл бойы оның нөмірі министрлік сайтында тұр.
Осы уақыт аралығында ата-аналардан ондаған қоңырау келіп түседі. Бірақ біреуді өткізбеді деген арыз-шағым келмеді. Әскерге шақыру мен медициналық комиссия барлық тарапты қарастырады. Бірақ заңды ешкім бұза алмайды. Денсаулық немесе психологиялық ауытқу болса, бөлек әңгіме. Ал осы топтың өкілдерін әскери қызметке алу бойынша ешқандай шектеу жоқ, - деді Жүсіпов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Былтыр 9 оператордың жұмысы қысқартылды
Өзгелердің жаңалығы