Әлеуметтік желіні қолдану белсендігі бойынша Израиль бірінші орында
Алматы, BAQ.KZ. Израиль халқының 77% әлеуметтік желіні қолданады. Бұл туралы cursorinfo.co.il ақпарат агенттігі хабарлады.
Ақпарат агенттігі Pew Research Center орталығының зерттеу деректерін келтіруде, онда Израиль халқының 77% ересектері әлеуметтік желіні қолданатыны айтылған. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореядан (екінші орында) 1% артық және АҚШ-тан (6-орында) 7% көп.Сонымен қатар, бұл ел смартфондар саны бойынша екінші орында екен, оны ересектердің 88% қолданатын болып шықты. Ал, Оңтүстік Кореяда бұл көрсеткіш 95% жеткен, сондай-ақ АҚШ жұртшылығының 81% смартфонды тұрақты пайдаланатыны белгілі болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада дәстүрлі жастар универсиадасы өтеді
Өзгелердің жаңалығы