Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе басшысы әлеуметтік саланың әлеуетін арттырып жүрген мамандарды құттықтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Қазан айының соңғы жексенбісі күн сайын мүмкіндігі шектеулі жандардың жанынан табылып, жалғыз басты қарттарға қамқор болып жүрген әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі. Қала басшысы Мавр Абдуллин кең жүректі сала қызметкерлерін қаламыздың мерекелік төсбелгісімен марапаттап, қызметте белсенділік танытып жүрген жандарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.Барлығымызға мәлім мемлекет басшысы аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты тұрғындар, көп балалалы жанұяларға қоғамның әлсіз топтарына мемлекет тарапынан қаражат бөліп көмек көрсетіп жатыр. Адамның жаны ауырса ақ халатты жандар келеді, жалғыз басты адам қалса біздің бюджет тарапына бөлінген әлеуметтік сала қызметкерлері келеді. Бүгінгі күнде осы әлсіз топтармен жұмыс жасап жатқан арнайы әлеуметтік сала қызметкерлері жұмыстары қиын екенін білеміз. Әр заттың өлшемі бар. Тынымсыз, өзгеге көріне бермейтін қызметтеріңіз әрдайым адал болсын, - деді қала басшысы.Бүгінде қала бойынша жалғызбасты қарттар мен аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жанашырлық танытып жүрген 276 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде үйлестіру кеңесі құрылды
Өзгелердің жаңалығы