Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн өткен Үкімет отырысында айтты.
Облыста барлығы 505 мектеп бар. Оларда 200 мыңға жуық оқушыға білім беру жоспарлануда. Оның 24 мыңы - 1-сынып оқушысы. Оқушылардың 70 пайызы қашықтан білім алады. 48 мың бастауыш сынып оқушысы үшін 3623 кезекші сынып бар. Облыстың ерекшілігі – шағын жинақталған мектептер саны көп. Мектептердің 43 пайызы шалғай жатқан тұрғыны аз ауылдарда орналасқан. Бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдай олардың 193-інде штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Барлық мектепте санитарлық талап күшейтіліп, қажетті құралдар сатып алынды, - деді ол.
Жеңіс Қасымбек атап өткендей, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесі оқушылар мен мұғалімдерге мектеп техникасын уақытша пайдалануға берілу арқылы шешілді.
Бұл ретте әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Облыста олардың саны 28 мыңға жуық. Облыс мектептерінің балансында 35 300 компьютер бар. Қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін облыстық бюджет есебінен 9 мың компьютер сатып алынды. Сондай-ақ демеушілік қаражаты есебінен мыңға жуық компьютер техникасы алынды. Республикалық бюджеттен 28 мыңнан астам техниканы сатып алуға қаражат бөлініп жатыр, - деді Жеңіс Қасымбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларын 500 мың компьютермен қамтамасыз етеді - Мамин
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы