Әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға ерекше назар аударылды – Филип Войтех
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты шетелдік саясаткерлер мен халықаралық сарапшылардың ой-пікірлерін СІМ ресми сайты жариялады.
Чехия Парламенті депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Филип Войтехтің айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар халық игілігі үшін жұмыс жасауда.
Осы маңызды құжатта Қазақстан халқына және өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлінген әлеуметтік қолдаулар мені ерекше қызықтырды. Әрине, бұл маңызды инвестициялар екені сөзсіз. Қазақстан экономикасының дамуы туралы сөз қозғайтын болсақ, Президент Тоқаев маңызды қағидалардың қатарына адал бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықтар мен мүмкіндіктер ашу, экономиканы «көгалдандыру» қағидаларын атады. Бұл Чехия үшін де маңызды, - деді Чехия парламентінің депутаты.
Ол азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылғанын және бұл болашақтың басты басымдығы екенін атады.
Қазіргі таңда әлемде қаржы-экономикалық дағдарыс өршуде, халықаралық сауданың қалыптасқан тетіктері құлдырап, соғыстар басталып жатқанына қарамастан, Қазақстанда экономиканың нақты секторының өсуін байқаймын, мемлекеттік бағдарламалар халық игілігі үшін жұмыс істеп жатыр, тәуелсіздік жылдардан бері қалыптасқан ұлтаралық келісім мен үйлесімділік одан әрі күшейіп келеді, сондықтан Қазақстанда халықаралық бастамалар пайда болып, жүзеге асырылуда, - деді Филип Войтех.
.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО мен Жамбыл облысы астанаға қандай өнімдерін әкелді?
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы