Әлемдегі ең кішкентай адам қайтыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Гиннес рекордтар кітабы жер шарындағы ең кішкентай адам деп мойындаған непалдық Хагендра Тапа Магар 28 жасында көз жұмды. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.

Достарының айтуынша, соңғы кездері ол жүрек ауруына байланысты қатты қиналып жүрген, оның үстіне демікпе, пневмониямен де науқастанған. Непал ауруханасына жатқызылғанымен ол 16 қаңтар күні көз жұмды. Хагендра Тапа Магар 1992 жылы 14 қазанда өмірге келген.
Ол өмірге келгенде өте кішкентай болды, тіптен адам алақанына сыйып кететін. Бойы мен салмағының кішкентай болғаны сондай оны жуындыру қиынға соғатын, - деп еске алады әкесі.
Магар 18 жасқа толғанда бойының ұзындығы бар болғаны 67,08 сантиметрді құраған. 2010 жылы италяндық GWR Lo Show dei Record телешоуына қатысып алғаш рет Гиннес рекордтар кітабы өкілдерінің назарына алынған. Аталған басылымның сарапшылары соңғы рет онымен 2018 жылы кездесіпті.

Магара қайтыс болған соң әлемдегі ең кішкентай адам титулы Колумбия азаматы Эдвард Эрнандеске көшеді. Оның бойы 70,21 сантиметр.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы