Әлемдегі ең қауіпсіз елдердің тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі ең қауіпсіз елдердің тізімі жарияланды.

Ranking сарапшыларының мәлімдеуінше, Қазақстан ТМД елдері арасындағы ең қауіпсіз мемлекет.  Ал әлемдік рейтингте еліміз 64-орында тұр. Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Аустрия, Дания, Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чехия – әлемдегі ең қауіпсіз он ел деп танылды. Сондай-ақ ең қауіпті елдердің ондығын Ауғанстан бастап, Ресей түйіндеп тұр.  

Сарапшылардың айтуынша, аталмыш рейтинг елдегі қылмыс пен зорлық-зомбылық деңгейіне, халықаралық қатынас жағдайына және елдің шығыны мен табысына қарай негізделген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы