Әлемде тұмаудан жылына 650 мыңға жуық адам көз жұмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, жыл сайын маусымды тұмау ауруынан әлем бойынша 290 мыңнан 650 мыңға дейін адам көз жұмады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Биыл жыл басынан бері АҚШ-тың өзінде осы аурудан 10 адам жан тапсырды. Статистика бойынша, Англияда жылда орта есеппен 17 мың адам қаза табады.Коронавируспен салыстырғанда екі айдың ішінде бұл кесел 2 мыңнан астам адамның өмірін қиған. Оның басым бөлігі Қытайдың Хубей провинциясында. Ал Жапония, Франция мен Филиппинде бір адамнан көз жұмды. Көбінесе коронавирустан егде жастағы науқастар мерт болып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қордай" шекара бекетінде шектеулер енгізіледі
Өзгелердің жаңалығы