Әлемде пандемия салдарынан жеке аралдарға сұраныс артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең танымал бағыттар Тынық мұхитының оңтүстік бөлігі, Карибалар, сондай-ақ АҚШ пен Еуропаның шалғай бөліктері болып шықты.

Ауқатты адамдар жеке аралдарға қызығушылық таныта бастады. Жеке аралдарға деген сұраныспен риелторларға хабарласа бастағандар көбейген, деп жазады Financial Times.

Бұл ретте жылжымайтын мүлік сатушылар өзіндік оқшаулануға қолайлы кейбір аралдардың құны автомобиль бағасынан аспайтынын мәлімдеді. Мысалы, Финляндия жағалауында құны 100 мың еуродан аспайтын нысан бар.

Риелторлардың айтуынша, пандемия адамдардың капитал салымына деген көзқарасын қайта қарауға мәжбүр етті.

Тұтас аралды иелену ұзақ уақыт бойы керемет дүние саналып келді, бірақ бұл тек асқан арман болды. Алайда, COVID-19-дың әсерінен бұл идея қолайлы болып көрінеді, өйткені адамдар өздері үшін жеке кеңістік тауып, қашықтық сақтауға тырысады, - дейді мамандар.

Басылымның айтуынша, ең жиі қаралатын лоттардың бірі-13 гектар тропикалық бақ орналасқан Маи аралы. Арал бірнеше миллион доллар тұрады және инфекциядан алыстауға таптырмас орын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы