Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны 7 млн-нан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетіне шалдыққандардың әлем бойынша жалпы саны 7 млн-нан асты, оның ішінде 402 699 адам көз жұмған, деп хабарлады russian.rt.com.
Бұл мәлімет Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланған.
Науқастардың тіркелуі бойынша көш бастап тұрған ел – АҚШ. Онда 1 941 978 COVID-19 жағдайы анықталған. Сондай-ақ пандемия кезеңінде коронавирустан жазылып шыққан пациент саны 3 133 664-ке жетті.
Айта кетейік, 7 маусым күні әлемде COVID-19 бойынша 6,8 млн жағдайдың тіркелгені хабарланған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы