Әлемде 477 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаһан жұртын дүрліктірген коронавирусты әлем елдерінің 475 мың 590-нан астам тұрғыны жұқтырған.

21 мың 378-ден астам адам осы кеселден қайтыс болды. Тheguardian басылымының дерегі осындай. Италия бұл кеселден адам шығыны ең көп тіркелген ел болып саналады. Ал науқастар саны бойынша, Қытай бірінші орында.

Ақпарат көздері індеттің тез таралуына байланысты жер бетін мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі карантинде жатқанын хабарлайды. Көптеген елде төтенше жағдай режимі  мен коменданттық сағат енгізіліп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін карантин талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады. Ұйым басшысының айтуынша, қоғамнан оқшаулану арқылы ғана аты жаман ауруды жеңу мүмкін болады.
Үйде отырудың маңыздылығын тағы бір рет қайталағым келеді. Оқшауланудың арқасында ғана медицина саласына артылған ауыр жүкті жеңілдете аламыз. Адамдардың қозғалысын уақытша тоқтату керек. Алайда мұнымен мәселе толық шешіле қоймайды. Бұдан да басқа маңызды шараларды қолға алайық. Атап айтқанда, науқастарды анықтап, оларды мәжбүрлі оқшауламен қатар тексерістен өткізіп емдеу, сонымен қатар вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дереу карантинге отырғызу шаралары шұғыл түрде іске асырылуы керек, – дейді ДДСҰ басшысыТедрос Аданом Гебреисус.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы