24 Желтоқсан 2019, 17:52
Әлем елдерінің сыртқы қарызы рекордтық деңгейге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаhан елдерінің қарызы 188 трлн долларға жетті, деп хабарлады Finprom.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаhан елдерінің қарызы 188 трлн долларға жетті, деп хабарлады Finprom.kz.
Халықаралық валюталық қор басшысы Кристалина Георгиева бұл рекордтық көрсеткіш екенін айтты. ХВҚ басшысының айтуынша дамыған елдердің осындай көлемдегі қарызы бұған дейін 1980 жылғы дағдарыс кезінде қалыптасқан.Жалпы дүние жүзіндегі ең үлкен берешек АҚШ еншісінде. Құрама штаттардың қарызы 23 трлн доллардан асып кеткен. Бұл Америка тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Сарапшылар мұны Дональд Трамптың салықтық жүктемені төмендетіп, мемлекет шығынын көбейткенімен байланыстырып отыр.
Ал ЕАЭО елдерінде ең көп қарыз Ресейге тиесілі. Ресей Орталық банкінің 1 шілдедегі мәліметі бойынша көршіміздің берешегі 479, 8 млрд долларды құрайды. Яғни жыл басынан бері 25,2 млрд долларға немесе 5,5%-ға ұлғайған.
Ал әлемдегі жағдайға қарамастан Қазақстан экономикасында жағымды динамика байқалады. Сыртқа қарыз 6 млрд долларға немесе 3,7% азайып, 2019 жылдың 1 шілдесінде 158,3 млрд долларды құрады. Бір жыл бұрын 165,5 млрд доллар еді. Сыртқы қарыздың азаюымен қатар экономиканың өсімі де байқалады. 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында ҚР ІЖӨ өткен жылдық ұқсас мерзімімен салыстырғанда 4,1% өскен.
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 20:33