Әлем экономикасын не күтіп тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2025 жылға дейін пандемия әлемдік экономикаға 35 трлн долларға дейінгі залал келтіруі мүмкін деп есептейді қаржылық сарапшылар. Бұл туралы korrespondent.net сайты жазды.

Жыл соңа дейін жаңа экономикалық қиындықтармен бетпе-бет келуі мүмкін. Bloomberg әлемдік деңгейдегі бірнеше сарапшысынан алған пікірін келтірген.

Pacific Investment Management агенттігінің жаһандық экономика бойынша кеңесшісі Йоахим Фелстің айтуынша, қазір әлемдік экономика тыныштықтан оянғандай. Пандемия кезінде АҚШ триллион доллар салған. 

Нәтижесінде тамыз айында елдегі жұмыссыздық саны азайып, тұрғын үй нарығындағы жағдай жақсарған. Ал Қытай экономикасы қалпына келуде, Германияда өндіріс жанданған. Сондай-ақ, дамып келе жатқан нарықтар доллар бағамының өсіміне байланысты біраз «демалып» алды. Алайда сарапшы осы позицияны ұстап тұру оңай болмайтынын айтады. Ел билігі экономиканы ынталандыру үшін барынша әрекет етуі керек. Ал қазіргі жағдайда кейбір елдер пандемия кезінде қолға алынған шараларды тоқтатуға оқталып отыр. 

Австралия ұлттық университетінің профессоры Уоррика Маккиббиннің пікірінше, пандемия 2025 жылға дейін әлемдік экономиканы 35 трлн долларға дейінгі шығынға ұшыратуы мүмкін. Ғалым экономикалық көрсеткіштер төмендемей тұрғанда халықтың неғұрлым көп бөлігін вакцинациялау қажет деген пікірді алға тартып отыр.

Сарапшылар АҚШ-тағы сайлау да экономикаға аз қиындық әкелмейді деп болжады.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы