Әлем бойынша көшбасшы әйелдер артып келеді – Циммерман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нью-Йорктағы Women Make Movies ұйымының атқарушы директоры Дебра Циммерман Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн брифинг барысында айтты.

Дебра Циммерман кино әлеміне әйелдердің келу тарихын айтып берді. 

Киноға келген әйелдер феминизм, зорлық-зомбылыққа қатысты тақырыптарға арналған фильмдер түсірген. 2009-2013 жылдар аралығында "Голиввудтың" ауқымды студияларында түсірілген фильмдердің 5 пайызы ғана әйелдерге тиесілі болды. Кинодағы диалогтың 31 пайызы ғана әйелдердің рөлі. Кинода көрсететін әйелдердің 28,8 пайызына ашық киім кигізіп түсіреді. Бұл үлес еркектерге қарағанда жоғары. Сондықтан да әйелдердің киноға түсуі өте маңызды, - деді ол. 

Циммерман айтып өткендей, әйелдерді кинода көрсету әйелдерді сыйлаудың деңгейіне әсер етеді. 

Алайда, қазір заман өзгеріп жатыр. Әлем бойынша көшбасшы әйелдердің саны артып келеді. Сәйкесінше, кино әлемінде де әйелдің үлесі артуда. Соңғы 5 жылда әлем бойынша әйелдер бірігіп, біздің уақыт келгенін айтып жатыр, - деді Дебра Циммерман. 

Women Make Movies компаниясы - 1972 жылы құрылған АҚШ-тағы беделді ұйымдардың бірі, distribuion компания. Америкада ғана емес, осындай жобалар арқылы әлемдегі әйел режиссерларға қолдау көрсетеді.

Айта кетейік, АҚШ Консулдығы осымен бесінші жыл қатарынан "48 сағатта кино түсіру" сайысын өткізіп келеді. Жыл сайын оған мыңнан астам команда қатысты. Қатысушылар екі күнде қысқаметражды кино түсірулері керек. Байқаудың жеңімпаздар АҚШ-қа тағылымдамадан өтуге барады. Биыл оны өткізуге мүмкіндік болмаған соң, Орталық Азиядағы кино түсіруге қызығатындарға Summer Film Academy аясында "воркшоптар" ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы