+3

Легионерлер мен федерациялар. Спорттан үнемделген қаражат қайда жұмсалмақ?

Легионерлер мен федерациялар. Спорттан үнемделген қаражат қайда жұмсалмақ?

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев спорт саласынан үнемделген қаражат қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үнемделген қаражат спорт саласында қалады. Кейін қаржыны балалар мен жасөспірімдер спортына жіберуді көздеп отырмыз. Неге десеңіз, қазіргі таңда жергілікті және республикалық бюджеттен 400 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатты да үнемдеуіміз керек. Біз жергілікті атқарушы орындардың жұмысын көріп отырмыз. Сондықтан балалардың спорт мектебіне және футбол академиясы сынды салаларға бөлуіміз қажет, - дейді Серік Маратұлы Сенат кулуарында.

Еске сала кетейік, осыған дейін ел спортында қанша легионер бар екені туралы жазғанбыз. Енді шетелдік спортшыларға бюджеттен қаражат бөлінбейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы