Легионері жоқ «Қайсар» еліміздің 7 дүркін чемпионы «Астанамен» тең түсті
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 7-турында елорданың «Астана» клубы Қызылордада «Қайсармен» тең түсті, деп хабарлайды
Бұл матчта төреші төрт пенальти белгіледі. Алдымен бірінші таймда «Астана» шабуылшысы Джеффри Чинеду мүлт кетті.
Есесіне, екінші кезеңнің басында «Қайсар» алға шықты. Елорда клубының литвалық қорғаушысы Кипрас Казуколовас өз айып алаңында Нұрдәулет Ағзамбаевты шалып жықты. Бас төреші Сергей Ноженко «Қайсардың» пайдасына пенальти белгіледі. Алаң иелері сапынан 11 метрлік соққыны Айбар Жақсылықов сәтті орындады.
Қызылорда клубы бірнеше минут есепте алда тұрған. Бірақ соңғы минуттарда Марлен Айманов тәртіп бұзып, «Астана» екінші рет пенальти тепті. Чинеду бірінші таймда қателескен соң, Грипши тепкен. Қақпашы Нұрымжан Салайдин тағы да қайтарды. Алайда қақпашы ережеге сай ойнамаған. Сондықтан Ноженко пенальтиді қайталап тепкізді. Бұл жолы Грипши қателеспеді. Қорытынды есеп – 1:1.
«Қайсар» – «Астана» – 1:1
Голдар: Айбар Жақсылықов, 59-пенальтиден (1:0). Назми Грипши, 89-пенальтиден (1:1).
Ескертулер: Нурдаулет Ағамбаев, 45+3. Нұрымжан Салайдин, 88. Карло Бартолец, 68. Марин Томасов, 84.
«Қайсар»: Нұрымжан Салайдин (Қ), Әділет Кеңесбек, Карам Сұлтанов, Темірлан Мырзағалиев, Қуаныш Қалмұратов, Өркен Махан (Никита Губарев, 80), Айбол Әбікен, Думан Нәрзілдаев (К), Дидар Жалмұқан (Саят Бақтыбай, 90+5), Нұрдәулет Ағзамбаев (Ерсұлтан Төреқұл, 76) – Айбар Жақсылықов (Марлен Айманов, 75);
Қосалқы құрам: Александр Мокин (Қ), Нұрмат Сәрсенов (Қ), Азамат Серікбаев, Жалғас Жақсылықов, Дінмұхаммед Рүстемұлы, Нұрдәулет Әмірбек, Бекзат Құрманбекұлы, Мағжан Бауыржан;
«Астана»: Йосип Чондрич (Қ), Ян Вороговский, Кипрас Казуколовас, Бранимир Калайца, Карло Бартолец, Макс Эбонг (Абзал Бейсебеков, 72), Алекса Аманович, Станислав Басманов (Назми Грипши, 63), Усман Камара, Марин Томасов (К) (Ннамди Ахонону, 85), Джеффри Чинеду (Рамазан Кәрімов, 72);
Қосалқы құрам: Мұхамеджан Сейсен (Қ), Данила Карпиков (Қ), Марат Быстров, Александр Марочкин, Дмитрий Шомко, Арман Кеңесов, Эльхан Астанов, Нұралы Жақсылық;