Ләззат Сүлеймен медиация саласының мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен медиаторлар ұйымдарының өкілдерімен, қоғамдық медиаторлармен және салалық мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесті. 

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметіі хабарлады.

Кездесу барысында медиаторлардың проблемалық мәселелері талқыланған негізгі тақырып болды. 

Бұл шара сенаторлардың еліміздегі медиаторлармен бұрын өткізген кездесулерінің қорытындысы болып табылады. Онда медиаторлардың жұмысында кездесетін проблемалар жан-жақты қаралды. Қатысушылар денсаулық сақтау, білім беру, еңбек даулары, қылмыстық процестегі медиацияны дамыту, сондай-ақ медиаторларға салық салу жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Жоғарғы Сот пен денсаулық сақтау, әділет, ішкі істер, қаржы, ұлттық экономика және т. б. министрліктердің өкілдері медиаторлардың сұрақтарына жауап берді.

Медиаторлардың бірінші форумын ұйымдастыру және Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысын өткізу жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылды. Оның аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру мәселелері талқыланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы