Ләззат Ақтаева: Алдыңғы шепте жүрген барлық медицина қызметкеріне алғысым шексіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг соңында медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Құрметті әріптестер, ҚР Денсаулық сақтау министрі атынан және өз атымнан баршаңызды кәсіби мерекеміз – медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын. COVID-19 пандемиясы кезінде жалпы барлық денсаулық сақтау ұйымында медицина қызметкерлері патриоттық сезіммен, жоғары жаупкершілікпен, кәсіби біліктілігін көрсетіп еңбек етуде. Қазір сіздер әр пациенттің өмірін сақтап қалудасыздар. Тәулік бойы, мереке күні де алдыңғы шепте жүрген барлық медицина қызметкеріне шексіз алғыс айтқым келеді. Баршаңызға мың алғыс, - деді ол.Бүгінгі брифинг барысында Ләззат Ақтаева осы жылдың наурыз айынан бастап коронавирус инфекциясы бойынша 1 271 471 зертханалық зерттеу жүргізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, не клиникалық, не эпидемиологиялық көрсеткіші жоқ азаматтарға тесттен өту қажет емес.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы