Лайық құрметке ие болмады. Мбаппе Мессидің кетуіне қатысты пікір білдірді

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Лионель Мессидің париждік клубтан кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Франциялық сұрмергеннің сөзін инсайдер Фабрицио Романо Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Ол футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі. Месси секілді футболшының клуб сапынан кетуі жақсы жаңалық емес. Оның клубтан кеткенін көптің неге жеңіл қабылдағанын түсінбеймін. Месси Францияда лайықты құрметке ие бола алмады, - деді Килиан Мбаппе.

Лионель Месси соңғы екі маусым париждік ПСЖ сапында өнер көрсетті. Шабуылшының еншісінде 22 гол мен 30 нәтижелі пас бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: www.instagram.com/k.mbappe
Өзгелердің жаңалығы