Латын графикасына ауысу не үшін керек? – Дос Көшім жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше, яғни 28 қаңтарда Премьер-министр Асқар Маминнің басшылығымен өткен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында жетілдірілген жаңа латын әліпбиі нұсқасы таныстырылды. Қоғам қайраткері Дос Көшім соған қатысты пікірімен бөлісті.

1. Латын графикасына ауысу не үшін керек? 

2. Бұған дейін де бірнеше рет әліпби ауыстырдық. Міне, тағы ауысайын деп жатыр. Бұның біздің жазба әдебиетімізге, мұрағаттық қорымызға, жалпы руханиятымызға әсері қандай болмақ? 

3. Әліпби ауыстыру арқылы біз неден ұтып, неден ұтылуымыз мүмкін? 

4. Көбіміз латын графикасына ауысу арқылы Ресей ықпалынан құтыламыз дегендей пікір айтамыз. Бұл қаншалықты көңілге қонымды. Шынымен кириллицадан құтылу арқылы ресейлік ықпалдан құтыла аламыз ба? 

5. Әліпби ауыстырғанда аралас мектептер мен өзге тілдегі мектептердің оқу жүйесі қалай болуы мүмкін? 

6. Тек қазақ тілділер ғана ауысады екен деген пікір бар. Олай болса, бұған дейін орыс тілді, қазақ тілді болып бөлініп келген халық енді латын графикалы, криллица болып бөлініп кетпей ме?

Бұл сауалдарға қоғам қайраткерінің жауабын төмендегі видеодан көре аласыздар.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы