8 Шілде 2019 2019, 16:07

Латын қарпінде жаңа журнал жарыққа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе қаласында латын қарпінде «Onomastıka tynysy» атты жаңа журнал жарыққа шықты.

Қалалық тілдерді дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, журнал 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстандағы тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан.

3 шілдеде облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы онлайн режимде өткен.

"Отырыста облыс топонимика кеңістігін ғылыми қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндама жасалды. Сондай-ақ «Onomastıka tynysy» журналының, «Ақтөбе облысы аумағында кездесетін топонимдер мен антропонимдер сөздігінің» тұсаукесері өтті", - делінген Ақтөбе қалалық тілдерді дамыту басқармасы таратқан хабарламада.

Сонымен қатар ономастика комиссиясының отырысында бірқатар мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берілді.