10 Қаңтар 2021 2021, 18:01
Латын Америкадағы отандастар Бразилия астанасында дауыс бере бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы шет елдерде әлі де жалғасын табуда. Қазір Берлин мен Майндағы-Франкфурт, Лондон, Латын Америкада қазақстандықтар дауыс беруді бастады.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Берлин мен Майндағы-Франкфуртта сайлау учаскелері жұмысын бастады.
Лондондағы №244 сайлау учаскесі де өз жұмысына кірісті.
Сонымен қатар Латын Америкадағы қазақстандықтар Бразилия астанасында дауыс беріп, белсенділік таныта бастады.