Бүгiн 2026, 18:51 Фото: Report

Лаоста су басқан үңгірден 10 күннен кейін төрт адам құтқарылды

20 мамырдағы кенет болған тасқыннан кейін үңгірге кіреберістер жабылып қалған.

Лаоста құтқарушылар су басқан үңгірде 10 күн қамалып қалған төрт ер адамды аман алып шықты.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, оқиға елдің орталық бөлігіндегі Сайсомбун провинциясында болған. Ауылдың жеті тұрғыны алтын іздеу үшін тар жерасты туннельдеріне кірген.

20 мамыр күні кенеттен болған тасқын салдарынан үңгірдің кіреберістері жабылып қалып, адамдар сыртқа шыға алмай қалған.

Бұған дейін тағы бір адамның табылғаны хабарланған еді. Соңғы мәлімет бойынша, екі ер адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр.