Лаңкестік құрбандарын еске алуға арналған самбодан жарыс мәреге жетті

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 6655 әскери бөлімінде  Ұлттық ұланының жауынгерлік және спорттық самбодан үш күндік чемпионаты мәреге жетті, сайыс 2016 жылғы 5 маусымда лаңкестік шабуыл кезінде әскери борышын  адал атқарып,  ерлікпен  қаза тапқан әскери қызметкерлердің  еске алу рухына арналған.

Бұл туралы  Ұлттық ұлан баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еске салайық, 2016 жылдың 5 маусымында бір топ қарулы лаңкестер Ақтөбе қаласындағы екі қару-жарақ дүкеніне және 6655 әскери бөлімінің әскери қалашығына шабуыл жасаған болатын.

Өкінішке орай, 6655 әскери бөліміне жасалған шабуылды тойтару кезінде үш әскери қызметкер: майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы жауынгер Сапар Досбол ерлікпен қаза тапты. Олар өз өмірлерін құрбан етіп, қылмыскерлердің әрекетін тоқтатты, сол арқылы азаматтарымыздың тыныштығы мен тыныштығын қорғады. Олардың Олардың есімдері біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Бұл сайысқа «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» өңірліқ қолбасшылықтары, Нұр-Сұлтан қаласындағы 5573 әскери бөлімі мен Ұлттық ұлан академиясының алты командасы қатысты.

Сайыс басталмас бұрын қатысушылар мен қонақтар Қазақстан Республикасының әнұранын шырқады, одан кейін жарысқа қатысушылар теракт құрбандарын еске алу мақсатында бөлім аумағында орнатылған мемориалға гүл шоқтарын қойды, ал сондай-ақ 2016 жылғы 5 маусымда қаза тапқан  ұландықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Турнирдің ашылу салтанатында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, Ұлттық ұлан спорт құрамасының бастығы полковник Сәтжан Әбішев, 6655 әскери бөлімінің командирі полковник Мирас Тұрдалин, «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор. Бақтияр Қалдыбек, 6655 әскери бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Сәлімгерей Қабыловтар сөз сөйлеп құттықтап, спортшыларға денсаулық пен жарыстарда сәттілік, сонымен қатар спорттық ұзақ ғұмыр тіледі.

Іс-шараға қатысушылар арасында мәртебелі қонақтардың қатарында, лаңкестермен қақтығыс кезінде ерлік пен батылдық көрсеткен 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ қаза тапқан ұландықтардың туыстары мен жақындары қатысты.

Жарыс дәстүрге айналып, Ақтөбеде бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді.Жауынгерлік қызмет бабында қаза тапқан әскери қызметкерлерімізді еске аламыз. Біз олардың ең жақсы қасиеттерін көрсете отырып, жұмысын жалғастырамыз: батылдық, табандылық және жеңіске деген жігер. Осыны самбодан спорттық турнирін ұйымдастыру арқылы біз салауатты өмір салтын насихаттап, өскелең ұрпаққа үлгі етіп жатырмыз, - деді Ұлттық ұлан спорт командасының бастығы, полковник Сәтжан Әбішев.

 Өз кезегінде 6655 әскери бөлімінің командирі, полковник Мирас Тұрдалин бұл турнирдің құқық қорғау күштерінің спорттық күнтізбесінде ерекше орын алатынын атап өтті.

Турнир қызметтік борышын өтеу кезінде жанын қиған әскери қызметкерлерді еске алуға арналған. Содан 2016 жылдың 5 маусымында бір топ экстремистер біздің әскери бөлімнің аумағында орналасқан қару-жарақ қоймасын басып алмақ болды. Қарулы қылмыскерлердің тосын шабуылын тойтару кезінде майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы жауынгер Досбол Сапар ерлікпен қаза тапты. Олардың есімдері біздің жадымызда мәңгі сақталады. Батырларымыз есімізде болса, олар бізбен бірге және әрқашан қасымызда, - деді әскери бөлім командирі.

Шақырылған қонақтардың қатарында бөлімге шабуыл кезінде ерлікпен қаза тапқан кіші сержант Б.Қалиевтің ағасы да болды.

Бауырымның ерлігін ұмытпайтын баршаға алғысымыз шексіз. Мені Ұлттық ұлан ұйымдастыратын түрлі шараларға жиі шақырады. 6655 әскери бөлімінде мемориалдық тақта мен «Мәңгілік Сапта» естелік тақтасының ашылғанын мақтан тұтамын. Берікжанның бұл әрекеті жастарға үлгі. Ешқашан соғыстар мен қарулы қақтығыстар болмасын, ұландар тек бейбіт уақытта ерлік істер атқарса екен деймін, - деді Жұмажан Қалиев.

Чемпионат өткір спорттық күрес рухында, жоғары ұйымдастырушылық денгейде өтті. Барлығының көкейінде бір үміт, ол жеңіске жетіп Ұлттық ұлан чемпионы атану еді.  Кіл мықтыдан кім мықты, Ұландықтардың арасындағы мықтыларды анықтау  мақсатында ұйымдастырылған жарысқа жалпы саны 100-ғе жуық спортшы қатысып, салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыларды анықтады.

 Үш күндік жарыстың  қорытындысы бойынша бірінші командалық орынды, Жоғарғы Бас қолбасшының кубогын «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының  (Орал) командасы жеңіп алды, жүлделі екінші орынды  «Оңтүстік» (Алматы)  өңірліқ қолбасшылығы иеленді және құрметті үшінші орынды «Орталық» өңірліқ қолбасшылығының (Қарағанды)  командасы міссе тұтты.

Спорттық самбодан жекелей сында: 58 келіге дейін – 6655 әскери бөлімінен ефрейтор Жасұлан Базарбай, 64 келіге дейін – 5451 әскери бөлімінен қатардағы қатардағы Әділет Елемесов, 71 келіге дейін – қатардағы Ғазиз Бейбіт жеңімпаз атанды. 6655 әскери бөлімінен, 79 келіге дейін - 5547 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Руслан Абдурашидов, 88 келіге дейін - 6655 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев, 95 келіге дейін - 5451 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Болат Сапар және жекелей сында жауынгерлік самбодан 5546 әскери бөлімінен 71 келіге дейінгі салмақта капитан Жаутай Ризабеков чемпион атанды.

Марапаттау рәсімінде «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың атынан кубоктарды, медальдар, грамоталар және жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарды табыстады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы