Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан бағытына бір реттік арнайы ұшақ ұшады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 маусымда Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша арнайы ұшақ ұйымдастырылады, деп хабарлады Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев.
Құрметті Отандастар! Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі моңғол тарапымен бірлесіп 2020 жылғы 10 маусымда Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша арнайы ұшақ ұйымдастыратынын хабарлайды.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтарын эвакуациялау үшін арнайы ұшақты ұйымдастыру мәселесі еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясымен келісілуде. Осыған байланысты, COVID-19 пандемиясы уақытында Моңғолияға жеке істерімен немесе еңбек келісім-шартымен келіп, қалып қойған ҚР азамттары елге жақын арада қайтуға ниеттері болса, Қазақстанның Ұлан-Батырдағы Елшілігіне дереу хабарласуды сұраймыз. Осы ақпаратты Баян-Өлгий аймағындағы және қырдағы туыстарыңызға да жеткізулеріңізді өтінеміз, - делінген ақпаратта.
Елшілік Моңғолияда қалып қойған ҚР азаматтарының тізімін қалыптастырады және ұшаққа билет осы тізім бойынша сатылатынын мәлімдейді.
Егер қосымша сұрақтарыңыз болса, +976 95950750, +976 11 345408 байланыс телефондарына хабарласу қажет екенін атап өтеміз. Құрметті отандастар, қазіргі уақытта Сіздерді Қазақстанға жету мүмкіндігінен қалыс қалмауларыңызды өтінемін, - деп жазды Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы