16 Тамыз 2026, 16:14 Фото: CBS News

«Лала» дауылы Гавайиде 76 мың тұтынушыны жарықсыз қалдырды

Үлкен аралда қатты жел ағаштарды құлатып, электр желілерін зақымдады.

«Лала» дауылы Гавайи архипелагындағы Үлкен аралға соғып, нөсер жауын, су басу мен көшкінге әкелді. Табиғи апат салдарынан ондаған мың тұрғын электр жарығынсыз қалды.

CBS News мәліметінше, желдің жылдамдығы сағатына 80 мильге дейін жеткен. Бұл бірінші санаттағы дауылға сәйкес келеді.

PowerOutage.us сервисінің дерегінше, электр қуатындағы үзілістер шамамен 76 мың тұтынушыны немесе штат тұрғындарының 15 пайызға жуығын қамтыды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Хило және Эллисон Онидзуки атындағы Кона халықаралық әуежайлары, сондай-ақ Үлкен арал мен Мауи округіндегі коммерциялық порттар уақытша жабылды.

Гавайи губернаторы Джош Грин тұрғындарды үйден шықпай, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Табиғи апаттың салдарын жою үшін билік Гавайи Ұлттық гвардиясының 180-ге жуық әскери қызметшісін жұмылдырды.

Құтқару қызметтері дауыл келтірген шығын көлемін бағалауды жалғастырып жатыр.