Лагерьге бара жатқан бала пойызда көз жұмды
7 тамызда № 625 "Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда 2010 жылы туған бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 тамыз күні №625 «Атырау-Астрахань» пойызында 2010 жылғы бала қайтыс болды. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1,5 сағат өткенде бала өзін жайсыз сезінген. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіп, Нарын станциясына жедел жәрдем шақырған. Медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын тіркеді, - делінген ҚТЖ таратқан мәлімдемеде.
Қайғылы оқиғаның себебі сараптама қорытындысынан кейін анықталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы