«Лада» рекорд жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері салынған айыппұлдарды төлемей жүрген көлік иелерін тоқтатуда. Аzh.kz сайтының жазуынша, кейбіріне салынған айыппұл сомасы өте көп.

«Лексус» көлігінің иесі жылдамдық режимін 8 рет бұзып, сол үшін оған жалпы сомасы 153 мың теңгедей айыппұл салынған.

«ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдықты 22 рет асырып, 417 мың теңге айыппұл жазасын алды.

45 рет камераға түскен «десятка» көлігі 1 миллион теңгеден артық айыппұл жинап, рекорд жасады.

Полицейлер атап өткендей, үш көлікте де ресейлік нөмір болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы