Ла-Маншта 50-ден астам босқын құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британиялық шекарашылары мен жағалау күзеті Ла-Манш бұғазынан өтпек болған 50-ден астам босқынды құтқарды. Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлады.
Мигранттар Франциядан Ұлыбританияға төрт резеңке кемемен өтпек болған.
Куәгерлердің айтуынша, босқындарды жағалауға жақын Гастингс, Дил, Дувр және Рай қалаларынан – елдің оңтүстік-шығыс бөлігінен түсіріп алған.
Шекара күзетіндегілер бейсенбі күні Кент және Сассекс графтығының жағалауында оқиға болып, оған шекара қызметі мен полиция араласқанын хабарлады.
Мигранттар Иран, Гвинея, Кувейт және Кот-д'Ивуар елдерінің азаматтары екенін айтқан.
Маусым айының басында Ла-Манш бұғазында мигранттардың рекордтың көрсеткіші ұсталды. Ол кезде Франциядан Британия жағалауына жетпістен астам адам барғысы келген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда жаңа дәуірдің ғарыш кемесін көрсетті
Өзгелердің жаңалығы