Ләззат Ақтаева қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Лязат Мейрашқызы Ақтаева берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Лязат Ақтаева 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1988 ж.) және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2003 ж.) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласының №3 перзентханасында акушер-гинеколог болып бастаған. Әр жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 2017 жылғы ақпан айында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы