Қызылордалық тұрғын кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру туралы өткен брифингте мәлім болды. 

Алматыда 26 жастағы қызылордалық тұрғын ұсталды. Әйел адам қорқыту мен алдау арқылы 2 қызды жезөкшелікпен айналысуға күштеген. Олардың біреуі кәмелетке толмаған. Полция қызметкерелері бұл деректі әлеуметтік желіні бақылау аясында тіркеді. Әйел адам сол жерде интимдік  қызмет көрсетуді жарнамалаған. Кәмелетке толмаған жандарды  жезөкшелікпен айналысуға тарту туралы 134-бап пен   жезөкшелікке тарту бойынша  ҚК 308-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жәбірленушілерге көмек көрсетіліп жатыр, - деді Камиль Галиев. 

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша 10 істің басын ашты. 

Оның ішінде бір адам кәмелет жасына жетпеген. Жезөкшелікпен айналысу үшін ұйымдастырылған 48 «притонды» анықтады. 21 әкімшілік құқық бұзушылық жезөкшелікпен айналысуға орын ұйымдастыуға қатысты тіркелді. Қоғамдық орындарда қыздарға тиісу бойынша 331 жағдай анықталған, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы