Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында жоғалған үш жасөспірім қыздың екеуі Алматыдан табылды.
Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылынан кетiп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды.
Жоғалған қыздар біздің тұрғындардың қырағылығы, полицейлердің кәсіби шеберлігі және барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа бағдарларды жаппай тарату арқасында табылды. Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді.Үшінші кәмелетке толмағанды анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда, - деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қызылорда қаласы, Аубакиров №102 «А» мекен-жайында орналасқан «отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы» үйінің тәрбиеленушілері 25 наурызда Ділда Нугманова, Любовь Нестерова және Рано Сабанкулова есімді жасөспірімдер жоғарыда аталған тұрғылықты мекен-жайларынан белгісіз бағытқа шығып қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті іздеу салған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты
Өзгелердің жаңалығы