Қызылордада Тәуелсіздік күніне орай автошеру өтті

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Қызылорда облысы Сырдария ауданында автошеру өтті. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға 29 автокөлік қатысып, көк туды көкке көтерген азаматтар оны аудан орталығы көшелерімен алып өткен.

«Менің Туым!» республикалық шарасына ел егемендігінің 29 жылдығына орай 29 автокөлік қатысты. Мемлекеттік туымыз орнатылған көліктер аудан орталығындағы Қ.Қазантаев көшесінен бастап А.Иманов, И.Тоқтыбаев көшелерімен жүріп өтті. 


Кез келген мемлекеттің Тәуелсіздігін айқындайтын қасиетті белгілер – мемлекеттік рәміздер. Сол себепті, рухымызды аспандатар көк байрағымызды жоғары көтерген шерушілердің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату, - деді шараны ұйымдастырушылар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы