Қызылордада сотталған азаматтан есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысындағы қауіпсіздігі төмен ЗК-169/4 мекемесінде жұмыс обьектісінен оралған Т. есімді сотталған азаматтың қалтасынан 3 дана шылымға нығыздалып салынған зат тәркіленген.

Жұмыс объектілерінен мекемеге оралған сотталған азаматтарды тінту-тексеру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Тәркіленген зат бойынша жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылды. Сот сараптамасының қорытындысымен салмағы 1,98 грамм құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді, – дейді Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы