Қызылордада қылмыс деңгейі 36 пайызға азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірінде өткен жылы қылмыс жасау деңгейі 36 пайызға төмендеді.
Бұл туралы облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев айтты.Сотты болған азаматтарды қайта қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында арнайы топ құрылып, 10 мыңға жуық адамды «тәуекел» санатына алған.
Азаматтардың конститутциялық құқықтарын қорғау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Яғни кезекші прокурорлар қызметтік кабинеттерге заңсыз жеткізілген 12 адамды және уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылған 11 азаматты босатты. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімімен жұмыс істеу үшін барлық аудандарға оптикалық желілер тартылды. Техникалық жағынан толық қамтамасыз етілді. Бүгінде жаңа Заң аясында прокурорлармен барлығы 395 процессуалдық шешім бекітіліп, 24 шешімнен бас тартылды, – деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев .Бұған қоса, өткен жылы бейнебақылау камераларының көмегімен жол-көлік қылмысы 13 пайызға азайған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы