Қызылордада коронавирус балалар арасында дендеп барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірінде балалар арасында коронавирус инфекциясы деңдеп барады. Қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында 46 бала ем алуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Оның ішінде 1 жасқа толмаған 13 сәби індетпен күресуде. Ал 3 жасөспірім жан сақтау бөлімінде жатыр.Коронавирусқа шалдыққан балалар саны күн санап көбейіп келеді. Облыстық балалар ауруханасына сәуір айынан бастап 158 бала келіп түсті. Бүгінгі күні толық емделіп шыққан балалар саны – 82. Осы орайда ата-аналарға айтарым, балаларыңызды барынша санитарлық талаптарды сақтауға шақырыңыздар. Індет жас талғамайды. Сондықтан балалармен көпшілікке жерге баруды азайтып, иммундық жүйені жақсартатын пайдалы тағамдарды көп тұтынған абзал, – деді көп бейінді облыстық балалар ауруханасының онкогематолог дәрігері Жанна Жандарбекова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 8114 кәсіпкерлік нысаны ASHYQ жүйесіне қосылды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы