Қызылордада карантин талаптары күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 6490-ға жетті. Соңғы тәулікте 43 жағдай тіркелді. Қызылорда облысы коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша қайтадан «сары» аймаққа енді. 

Осыған орай, карантин талаптары күшейтілетін болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бүгінде инфекциялық стационарда 359 науқас ем алуда. Реанимациялық бөлімде 44 адам. Бүгінгі таңда дәрігерге хабарламай, үй жағдайында өз бетінше емделіп жатқандар көптеп кездесуде. Сондықтан тұрғындардан сұрайтынымыз ауру белгілері байқалған сәтте дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіздер, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Еске сала кетейік, өткен жылы жаз айларында аурушаңдық белең алған болатын. Сала мамандары тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Қауіп жоқ емес, бар. Сондықтан дәрігерлердің нұсқаулығына құлақ асыңыздар. Осы уақытқа дейін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Мейлінше, вакцинаны алу қажет. Сондай-ақ, көпшілік орындарға бармаңыздар. Аурудың көзі әлі бар. Маскалық режимді сақтап, күнделікті сақтық шараларын ескеріңіздер, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы