Қызылордада гандболдан Қазақстан чемпионатының ІІ кезеңі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІІ кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жоғарғы лига мен супер лигадағы әйелдер командалары 29 мамырға дейін өзара мықтыны анықтайды. Аталған республикалық додаға жоғарғы лигада бес, супер лигада барлығы сегіз команда бақ сынап жатыр.
Жоғарғы лигаға қатысып жатқан командалар: Қостанай облысы, Ақтөбе облысы, Шымкент қаласының «Қазығұрт» командасы, Алматы облысы «МБЖСМ» командасы және Түркістан облысының «Тұран» командасы.
Супер лигада бақ сынап жатқан командалар: «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Қайсар» (Қызылорда), «Қазығұрт» (Шымкент), «Жетісу» (Алматы облысы), «Тұран» (Түркістан облысы), «Алтай-Восток» (ШҚО), «Қарағанды» (Қарағанды облысы) және «Достық» (Алматы қаласы).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы