Қызылордада «Ashyq» жобасы бойынша 66 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов айтты.

12 мамырдағы ақпарат бойынша 66 кәсіпкерлік нысан QR код алып, жоба аясында жұмыс жасауда. Олардың 43-і қоғамдық тамақтану қызметі, 11-і компьютерлік клуб, 2-еуі бильярд, 2-еуі фитнес орталығы, 2-еуі бассейн, 2-еуі спа-орталығы, 2 кинотеатр, 1 боулинг орталығы, 1 сауна. Жобаға қатысушылардың 61-і Қызылорда қаласының кәсіпкерлері. Ал 3-еуі Шиелі ауданының, 1-еуі Қазалының, 1-еуі Арал ауданының кәсіпкерлері, – деді Пірмұхаммед Сыздықов.

Баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева «Ashyq» жобасы енгізілгеннен бері Қызылорда қаласында кәсіпкерлік нысанға кірмек болған «қызыл» және «сары» статустағы 6 адам анықталғандығын жеткізді. Олардың 1-еуі нақты науқас, вирус анықталған «қызыл» статустағы азамат болса, 5-еуі ауырған азаматтармен қарым-қатынаста болған «сары» статустағы адамдар.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы