Қызылордадағы ұшақ апаты: Қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тергеу Қызылордада АН-2 апаттық қону фактісі бойынша басталды. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ан-2 ұшағын авариялық қондыру фактісі бойынша полицияның желілік бөлімі Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі  бойынша әуе көлігі қозғалысының қауіпсіздігі немесе оны пайдалану қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа ақпарат Қазақстан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 07:00 шамасында Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш алқаптарын өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы