Қызылордада алаяқ әйелдің әрекеттері әшкереленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмысқа тұрғызуды жедел етіп, аңқау азаматшаның 2 млн теңгесін алған әйел анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының 38 жастағы тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, алданған. 22 қаңтар күні полицияға арызданған азаматша өткен жылдың тамыз айында «жұмысқа тұрғызып беремін» деп уәде берген танысына екі миллион теңге көлемінде ақшасын берген. Арада айлар өткенде алданғанын түсінген азаматша полицияға жүгінген.

Аңқау тұрғынның ақшасын алып, алдап кеткен алаяқты іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде оңай олжаға кенелгісі келген 51 жастағы азаматша ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы