Қызылордада 15 жасөспірім полицияға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қызылордада полицияның стационарлық бекеттеріне 15 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері 26 қарашадан бастап «Ата-ана – Жасөспірім – Көше» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, суық қаруды тасымалдау, бопсалау сияқты қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайлардан тыс болуы деректерін анықтау, бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау бойынша жұмыстарды барынша жандандыру болып табылады.
Іс – шараның бір күнінде «Самара» стационарлық полиция бекеттеріне 15 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, олардың екеуі ұрлық жасағаны, қалған 13-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 10 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша екі жасөспірім анықталып, оларға қатысты әкімшілік шара қолданылды. Профилактикалық есепке үш кәмелетке толмаған қойылды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы ересектерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 140-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін тағы да еске салады.