Қызылордада 141 983 сайлаушы өз таңдауын жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына аймақ халқы белсенді қатысуда. 

Қазіргі уақытқа дейін яғни сағат 11:00-де сайлаушылардың 28,8 пайызы өз таңдауын жасады. Яғни, 141983 адам дауыс берді. Бұл туралы облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.


Жалпы облыста сайлаушылардың саны - 492 198. Бұл - аймақ халқының 60,7 пайызы. Өңірде 376 сайлау учаскесі бар. Сайлау комиссиясының 2821 мүшесі қызмет көрсетуде. Оның 1128-і арнайы оқу курстарынан өткен болатын. Аймақта 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олардың учаскеге келіп, өз таңдауын жасауы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет көрсетуде, - деді ол.

Айта кетейік, қарт кісілер және науқас азаматтар үшін жылжымалы жәшік қызмет көрсетуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы