Қызылорда - Жезқазған жолында пропан таситын көліктен өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 желтоқсанда 06 сағат 27 минутта Қызылорда қаласы Қызылорда- Жезқазған трассасы бойында Камаз автокөлігі жанып жатқандығы жөнінде 101 нөміріне хабар келіп түсті. 

Аталған шақырту бойынша оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы жедел жетіп, шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде  «Азимут» ЖШС-не қарасты пропан тасымалдайтын 12 тонналық «MAN» маркалы автокөлігінің алдыңғы бөлігі жанып жатқаны анықталды. 


Оқиға орнындағы өрт сөндірушілердің жедел әрі біріккен іс-қимылдарының арқасында Шымкент қаласынан Ақшабұлақ кен орнына жолға шыққан автокөліктің артқы бөлігіндегі 12 тонна пропанның жарылуына жол берілмей 07 сағат 00 минутта тілсіз жау толығымен жойылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Және өрт зерттеу сараптамасы өрттің шығу салдары мен шығынын анықтау үстінде, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы