Қызылорда тұрғыны жасөспірімді ішімдік ішуге мәжбүрлеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысындағы ауыл тұрғыны жасөспіріммен бірге ішімдік ішкен, деп хабарлайды Stan.kz.  

Оқиға Қармақшы ауданында болған. Полицейлер Жосалы кентінде тұратын әйелді 2004 жылы туған мектеп оқушысына алкогольдік ішімдік ішкізіп жатқан жерінен ұстады.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 131-бабы - "Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу" бойынша хаттама жасалды

Сотта ауыл тұрғыны кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Аудандық сот жас әйелге 20 АЕК (38 892 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Сонымен қатар, әйел кәмелетке толмаған адамды құқық бұзушылық пен басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға итермелеген адам ретінде де профилактикалық есепке алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы