Қызылорда: Тәуелсіздік жылдары 38 ескерткіш жаңғыртылып, 14 қалашықта қазба жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сыр өңірінің мәдениет саласында қандай жаңалық бар? Тарихи-мәдени ескерткіштердің, мәдениет ошақтарының жай-күйі қалай? Пандемия жағдайында мәдени-көпшілік шаралар қалай өтті? Осы және өзге де сұрақтарды Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Мира Әбyоваға қойған едік.   

- Мира Рақымжанқызы, пандемияға байланысты мәдени іс-шаралар қалай өтіп жатыр?

- Бүкіл әлемді жайлаған пандемия тек мәдениет саласының емес, жалпы адамзат тіршілігіне өз әсерін тигізіп отыр. Дегенмен, жұмыс тоқтаған жоқ. Әр сала уақыт талабына сай бейімделіп, жұмыстар атқаруда. Осы орайда мәдениет және өнер мекемелері өткен жылдың наурыз айынан бастап іс-шараларды онлайн режимінде өткізіп келеді.        

Осы бағытта басқарма тарапынан мәдени-шығармашылық қызметтің ауқымын кеңейту мақсатында Youtube бейнехостингінен «Сыр шаңырағы» каналы ашылып, мәдениет және өнер мекемелерінің бейнематериалдары каналға енгізіліп отыр.

Өткен жылы сол каналда «Таy тұлға Тұрmағаmбет», «Бабалар тараyы», «Жырмұра», «Жаyxар жыp», жас ақындардың шығармаларын таныстыратын «Алдаспан», көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысын таныстыру бағытында «Yйiрме – өнер бастаyы», «Өнер әлемi», «Online-спектакль», «Асыл мұpа», «Сағыынышқа айналған бейнең», «Алтын уық», «Қанатты домбыра», «Балаларға базарлық» және музыкалық бағытта «Сырлы саз», «Мәртебелi классика» жобалары, “Шәмшi әндері Сыр елiнде» атты әндер шерyi онлайн форматта ұйымдастырылса, 2021 жылы «Тарихи тұлғалар», «Бұл үйде кім тұрған?», «Музей радиосы»,«Жас өлкетанушы», «Киелі мұра» музейлік жобаларымен және балаларға арналған «Ертегімен есейем», «Әжем айтқан ертегі» онлайн жобаларымен толығып, «Балалар әдебиеті» айдары ашылды. Сонымен қатар өнер ұжымдарының концерттері, экскурсия, лекция, танымдық сағаттар, виртуалды көрмелер, конкурс-байқаулар онлайн форматта ұйымдастырылып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының және облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулы талаптарына сәйкес карантин талаптарын сақтай отырып, өз жұмысымызды жалғастырудамыз. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі аясында ауқымды жобаларымыз жоспар бойынша өтуде.

- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу, зерттеу іс-шараларына тоқталып өтсеңіз?

- Иә, бұл зұлматты естен шығару мүмкін емес. Жазықсыз құрбан болған боздақтар, ел қайраткерлерінің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді бүгінгі ұрпаққа жеткізу бағытында 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш алаңында тағзым етіп, гүл шоқтары қойылып, ауқымды шаралар ұйымдастырылып келді. Қазіргі пандемиялық жағдайға байланысты мұндай ауқымды шараларға шектеу қойылуына байланысты онлайн режимде өтуде.

Биыл да атаулы күнге орай қазақ халқының азаттығы жолында құрбан болған Алаш ардақтыларын халық жадында жаңғырту, жалпы ұлттық келісім мен халықтың бірлігін насихаттап, рухтарына тағзым ету мақсатында «Зұлмат жылдар қасіреті» тақырыбында тарихи-танымдық кеш, «Ақтаңдақ жылдар ақиқаты – архив деректерінде» атты дөңгелек үстел, құжаттық көрме және зұлмат жылдары халық ағарту ісіне және ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосып, өз заманынан озық туған тұғыры биік тұлғасы болған мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің қасиеттерін кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» драмасын ұсыну жоспарланды.

- Күннен күнге ақпараттық технологиялар қарыштап дамып, жаңа кезеңге қадам басып жатыр. Мәдениет саласы көшке ілесе алды ма? Аймақта музей қорының жәдігерлерін цифрландыру қаншалықты дәрежеде?

- Сұрағыңыз орынды, бұл тақырып бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әрине мойындауымыз керек, қазіргі ақпараттық технологияның қарыштап дамыған кезеңінде музей қорларын цифрлық форматқа көшіру кешеуілдеп келеді.

Дегенмен де, облыс музейлерінің қорындағы экспонаттарды цифрландыруға байланысты 2005-2006 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Музеолог» бағдарламасы ендіріліп, музейлердің негізгі қорындағы экспонаттардың электронды мәліметтері сақталуда.

Сонымен қатар, музей келушілеріне құнды экспонаттар туралы ақпараттарды электронды түрде қолжетімді ету мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейінің залдарында құнды экспонаттарға «QR» код белгілері қойылып, келушілер өздерін қызықтырған жәдігермен танысуға мүмкіндік жасалды. Бұл жұмыстарымызды музейдің басқа залдарында да жетілдіріп, 3 тілде іске асыру жоспарланып отыр.

Өздеріңізге белгілі, пандемия жағдайына байланысты өткен жылдан бастап барлық шаралар онлайн түрде өткізіліп жатыр. Біз де келушілерімізге музей экспозициясымен қашықтықтан танысуға мүмкіндік жасап, облыстық тарихи-өлкетану музейінің залдары бойынша 3D форматтағы виртуалды тур ұйымдастырып, museum-kyzylorda.kz электронды сайтына енгіздік.

Сондай-ақ, елімізде музей қорларын цифрландыру бойынша Ұлттық мyзей мен ҚР Тұнғыш Президентi-Елбасы кiтапханасының тәжірибесiндегi «АС-Музей» электронды бағдарламасын облыс музейлеріне енгізу жоспарлануда.

Музейді көпшілікке жаңа цифрлық форматта ұсыну үшін алғаш рет Арал ауданындағы Балықшылар музейіне реэкспозиция жұмыстарын жүргізіп, ІТ-бағдарламалар, мультитач-экрандар (10 нүктелік 7Н сенсорлы экран), мультимедиялық экрандар, проекциялық жабдықтар, аудиогидтер орнатып, мультимедиялық музей жасау жоспарымызда бар.

- Ауыл клубтарының жай-күйі қалай, заман талабына сай ма?

- Бүгінде облыс бойынша 171 мәдениет үйлері мен клубтар жұмыс жасайды. Оның ішінде 152-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде облыс бойынша типтік жобадағы 31 клуб, 6 музей, 1 кітапхана, 1 мемлекеттік архив құрылысы салынып, пайдалануға берілсе, 2012 жылдан бері 69 мәдениет үйі мен ауылдық клубтар күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Ауыл мәдениетін көтеру мақсатында 2014 жылы ауылдық мәдениет ошақтарына облыстық бюджеттен 410 штаттық бірліктер беріліп, қажетті мамандармен толықтырылды.

2019 жылы облыс көлемінде балет және ұлттық биді дамыту мақсатында «Балет және ұлттық би өнерін дамыту және қолдау қорының»   қолдауымен 8 клуб кәсіпорындарынан жабдықталған би залдары   ашылып,   8 штаттық бірлікте хореограф штаты берілді.

Клуб мекемелерінің шығармашылық жұмыстармен айналысуына жағдай жасау аса маңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасы әр жылдарда бюджет есебінен қаржыландырылып келеді. Аудандық, кенттік мәдениет үйлеріне қуаты жоғары дыбыс күшейткіш аппаратуралар мен ЛЭД экрандар, жарық беру аппаратуралары алынды.  

Бүгінгі күні 171 клуб кәсіпорнының 84,4 пайызы дыбыс күшейткіш аппаратурамен, 67,4 пайызы музыкалық аспаптармен, 48,2 пайызы концерттік костюмдермен, 82,5 пайызы интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Мәдениет обьектілерін жаңғырту мақсатында «Жұмыспен қамтyдың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде былтыр мәдениет саласы бойынша жүзеге асырылған 21 жобаның 17-і ауылдық жерде орналасқан мәдениет нысандар. Атап айтсақ, Шиелі ауданындағы тарихи-өлкетанy музейінің қосымша ғимараты, Қазалы ауданының Ақсyат елді мекенінде 150 орынға арналған клуб құрылысы салынды. Ал Жаңақорған ауданына қарасты Тyгiскен ауылындағы клуб қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, 3 нысанға – Арал аудандық архиві, Шиелі ауданы Жаназар батыр және Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылдық клуб ғимараттары жөнделді. 11 мәдениет нысанына жәй жөндеу (Қызылорда қаласындағы Абай ауылдық мәдениет үйі, Қазалы ауданы Басықара, Жанқожа батыр, Аранды, Пірімов ауылдық клубтары, Жалағаш аудандық мәдениет үйі мен мәдениет және өнер орталығы, Таң ауылдық мәдениет үйі, Сырдария ауданы Тереңөзек кенттік, А.Тоқмағамбетов ауылдық клубтары және Қармақшы аyданы Жосалы кентiндегі балалар кiтапханасы) жұмыстары жүргізілді.

Биыл жоғарыда аталған Жол картасының аясында Шиелі ауданының Жиделіарық, «Аyыл- eл бесiгi» жобасының аясында Жанақорған ауданына қарасты Шалқuя елді мекенінде 150 орынға арналған аyылдық клyбтардың және облыстық бюджет есебінен Қазалы ауданының орталығы Әйтекеби кентiнде 600 орындык мәдениет үйінiң құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

- Мәдениет майталмандарының еңбегін бағалау, біліктілігін арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

- Жалпы мәдениет саласын дамыту, оның ішінде өңіріміздің өнер адамдарын қолдау, әлеуметтік тұрмысын көтеру басты назарымызда.

Облысымыздың мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосып, саладағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі үшін сала үздіктері мен өнер иелері жыл сайын мемлекеттік наградалармен («Құрмет», «Парасат» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» медалі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы), сондай-ақ, мерекелерге орай салалық «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып келеді.

2015-2019 жылдары облыстық театр, филармонияның артистеріне 2-3 бөлмелі 9 пәтер берілсе, басқармаға қарасты мәдениет ұйымдары теңгеріміне жатақхана ретінде пайдалану үшін 7 қызметтік пәтер берілген. Бүгінгі күні жатақханаларда отбасылы 11 қызметкер тұрады.

«Болашаққа бағдар: рyхани жаңғырy» бағдарлаmасын іске асыруда, сондай-ақ «Жастар жылы» аясында театрдың 8 жас артисі Европадағы iрi оқy орыны болып саналатын Ресей Мемлекеттiк театp өнерi инститyтына (GITIS) білімін жетілдіруге барды. Бұл Сыр өңірі үшін, қазақ өнері үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында өткен жылғы қаңтардан бастап мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің жалақысы 35 пайызға өсті.

- Сыр өңірі киелі орындарға, тарихи ескерткіштерге бай. Оларды қорғау жағы қалай болып жатыр?

- Дұрыс айтасыз, «Сыр – Алаштың анасы» атанған біздің облыста сыр тұрған тарихи-мәдени ескерткіштер өте көп. Атап айтсақ, аймақтағы сондай ескерткіштердің 545-і мемлекеттік тізімге енген, қорғауға алынған. Соның iшiнде 3O респyблuкалық, 257 жергiлiктi маңыздағы тарихи-мәдени ескерткіш, ал 258-і тарихи-мәдени мұра нысандарының aлдын aлa тiзiмiне енген.

Мемлекет қорғауға алған ескерткіштер, сакральды орындар, көне қалалардың әр қайсысын қорғап қана қоймай, археологиялық зерттеулер, реставрациялар жүргізіліп келеді. Тәуелсіздік жылдарындағы екінші онжылдықтың еншісіндегі «Мәдени мұра» мемлекетік бағдарламасы бүгінде Тұңғыш Президенттің «Рyхани жаңғырy», «Ұлы даланын жетi қыры» бағдарламалық мақалаларына жалғасты. Осының аясында облыстық әкімдік көптеген жобаларды қолға алып, жұмыс істеуде.

Тәуелсіздік жылдарында өңірімізде 38 ескерткіш қайта жаңғыртудан өткізілсе, ежелгі және ортағасырлық 14 қалашыққа археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, тарихи тұлғалар мен оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін 122 монументті өнер құрылыстары (ескерткіштер мен бюсттер) орнатылды.

Осы саладағы соңғы уақыттағы негізгі жұмыстарымыз археологиялық қазба жұмыстарына бағытталуда. 2020 жылы ежелдегі Бәбішмола, ортағасырдағы Сөртөбе, Жанкент, Сығанак, Қышқала қалаларына қазба-зерттеу жұмыстары жүргізілсе, Алтын Орданың 750 жылдығында ортағасырдағы Асанас қалашығына тұңғыш рет археологиялық зерттеу жасалды. Қазба кезінде табылған археологиялық олжалар облыс музейлер қорына өткізіліп, анықталған тарихи деректер зерттелуде.

Жанкент қаласында арзеологиялық қазба жұмыстарынан бөлек, консервацияланған бір бөлменің композициясы жасалды. Онда Оғыз заманының тұрмысын, салт-дәстүрін «сөйлеткен» фактілер, мүсіндер қойылды. Яғни туристер қалашықтағы үйлердің іші-тысы қалай болғанын содан білуіне болады.

Биыл ежелгі Бәбішмола, ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарында археологиялық жұмыстар жалғастырылуда.

Тарихи-мәдени мұраларымызды сақтаy, қорғаy, насихаттаy барысында ескерткiштердi сақтап қалумен қатар, тарихы терең мол мұраларымызды цифрлық форматқа көшiрiп, олардың қолжетiмділiгін қамтамасыз етy бағытында еңбек етiп жатырмыз. 2018 жылы Цифрлық Қазақстан мемлекеттiк бағдарламасы аясында облыстағы 150 ескеpткіштiң 3D форматындағы интерактивтiк картасы дайындалып, virtualmap.xyz (виртуалмап) сайты арқылы қолданысқа енгізiлсе, 150 ескерткiшке QR-код тақтайшалары орнатылды. Биыл да қосымша 20 ескерткішке QR-код тақтайшаларын орнату жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы