Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жылына 70 мың тонна әк өндіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңақорған ауданындағы әк зауыты 2018 жылы іске қосылған. Зауытта күніне 100 тонна әк шығарылса, ал жылына 70 мың тонна өндіріледі, деп хабарлады облыстық коммуникациялар орталығы.

Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу үшін жоба-сметалық құжаты дайындалуда. Яғни, зауыттың жұмысын одан әрі дамыту мақсатында темір жол тұйығын тарту мен электр энергиясын жеткізу керек. 

Жоба мақұлданса, өндіріс көлемі ұлғайып, қосымша 20 жұмыс орны ашылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы