11 Желтоқсан 2020 2020, 14:16
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жылына 70 мың тонна әк өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңақорған ауданындағы «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің әк зауыты 2018 жылы іске қосылды. Зауытта күніне 100 тонна әк шығарылса, ал жылына 70 мың тонна өндіріледі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңақорған ауданындағы әк зауыты 2018 жылы іске қосылған. Зауытта күніне 100 тонна әк шығарылса, ал жылына 70 мың тонна өндіріледі, деп хабарлады облыстық коммуникациялар орталығы.
Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу үшін жоба-сметалық құжаты дайындалуда. Яғни, зауыттың жұмысын одан әрі дамыту мақсатында темір жол тұйығын тарту мен электр энергиясын жеткізу керек.
Жоба мақұлданса, өндіріс көлемі ұлғайып, қосымша 20 жұмыс орны ашылады.