Қызылорда облысының ТЖД басшысы өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Бағдат Данилов 48 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ INSTAGRAM-дағы ресми парақшасы.

ҚР ТЖМ ұжымы ​Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Данилов Бағдат Жұмаұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада.
​Данилов Бағдат Жұмаұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш ауылында 1972 жылғы 31 наурызда дүниеге келген.

1990 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен.

2015-2020 жыл аралығында Жамбыл облысы ТЖД бастығы болды. Бүгінге дейін Қызылорда облысы ТЖД бастығы қызметінің бастығы болды.

Азаматтық қорғау полковнигі әріптестеріне сыйлы, туыстарына құрметті адам болған. Атқарған қызметіне сай медальдармен, төс белгілермен марапатталған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы