Экология департаменті басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас экологиялық инспектор-Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасарының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Ол бұған дейін келісілген 100 млн теңгеден 50 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді. Лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы ІІД УҰИ қамауға алынды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар кеше оның алдында қызмет атқарған Бас экологиялық инспектор – Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Аптикаликовтың Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотымен 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған үкімі жарияланды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ол 30 млн теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы